«Манчестер Сити» кубоктық дубль жасады (видео)
Шешуші кездесу 16 мамыр күні Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтті. Аталмыш ойында «Манчестер Сити» «Челси» командасын 1:0 есебімен жеңді.
Матчтағы жалғыз голды 72-минутта Антуан Семеньо соғып, «қалалықтарға» кезекті маусым жүлдесін сыйлады.
Осылайша, «Манчестер Сити» маусымды кубоктық дубльмен аяқтап, ағылшын футболындағы ең мықты клубтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.