logo

Магомед Адиев: Ұлттық құрамаға жаңа тұлғалар қажет

Магомед Адиев: Ұлттық құрамаға жаңа тұлғалар қажет

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан құрамасының құрамына жаңа ойыншыларды іздеу туралы ойымен бөлісті, хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Біз қайта жүктеуді қажет етеміз, мен әр команданың циклі бар екенін айттым. Біз оны аяқтадық, өкініштісі бастаған істі аяғына дейін жеткізе алмадық. Мен бұл жаңару Ұлттар лигасының алдында болады деп ойладым, бірақ бұл ертерек орын алды. Ұлттық құрамаға жаңа тұлғалар, ойын жүргізудің жаңа идеялары қажет. Осыған байланысты байыпты ойланып, бәрін қайта форматтауымыз керек. Бізде Оразов, Самородов, Астанов, Асранкулов, Садыбеков сынды батыл жастар бар. Бұл адамдарға сеніп, тәжірибе жинауға мүмкіндік ашып, осы команданы Әлем чемпионатының іріктеуіне дайындау керек. Тәжірибелі футболшыларды да есептен шығара алмайтынымыз анық, олар бізге керек, бірақ екінші нөмірлер де қажет. Бізге адамдар керек, тереңірек қазып, біздің команданы намысын бірнеше циклге лайықты қорғайтын футболшыларды табу керек», - деді Адиев Люксембургпен болған ойыннан кейін.