logo

Магомед Адиев: Мен үшін әр ойыншы қымбат және қажет

Магомед Адиев: Мен үшін әр ойыншы қымбат және қажет

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев еліміздің үздік аяқдопшысын атады және алдағы Грекиямен ойынды саралады, деп хабарлайды  Sport Plus Qazaqstan.

 «Бір ғанаи үздік ойыншыны атай алмаймын, өйткені әрқайсын дұрыс орналастыру, жеке қабілеттерін оңтайлы қолдана білу маңызды. Мысалы, Айымбетов туралы айтар болсақ, әрине ол тоғыз гол соқты, Зайнутдиновтың көрсеткішіне жақындап келеді. Бірақ оған дейін осыншама добы болмады ғой. Бұның барлығы жақсы қосындының нәтижесі. Адамдар көбінесе басқа спортшылардың жұмысын бағаламай жатады. Көбісі Габышев туралы айтты, ол жарақаттанғанда бұл менің проблемама айналды. Ол өзінің жүгіруімен құрамаға көп көмектесті. Алаңда әр ойыншы, әр деталь маңызды. Әрқайсы мен үшін қымбат және қажет. Мысалы, алдағы Грекиямен ойында Әліп алаңға шықпайды. Бұл біз үшін үлкен мәселе», – деді Адиев Gasenergy Youtube-арнасына сұхбатта.