«Жетысу» украиналық қақпашымен толықты
24 жасар украиналық қақпашы Орест Костик «Жетісумен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Оресттің соңғы клубы харьковтік «Металлист» болды, аталмыш клуб үшін ол 12 матч өткізді.
2023 жылдың жазынан бастап Костик литвалық «Дайнава» қақпасын қорғады, бірақ алаңға тек сегіз ойында шықты.