logo

Мәди Амангелді: Тактикалық жағынан әлі де жұмыс істеу қажет

Мәди Амангелді: Тактикалық жағынан әлі де жұмыс істеу қажет

Қазақстандық дзюдошы Мәди Амангелді Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз финалдық белдесудің қиын болғанын айтты.

«Екінші және үшінші белдесулерде оңай қарсылас болған жоқ. Әлемдік деңгейде нәтижелі өнер көрсетіп жүрген балуандармен күрестім. Бұл жарыс мен үшін үлкен сабақ болды. Ақтық сында аздап асығыстық танытып, бапкерлер белгілеген тактикадан ауытқып кеттім.

Бапкерлерім: «алтын алуың керек», — деп нақты тапсырма берген еді. Өкінішке қарай, сол межеге жете алмадым.

Финалда өте тәжірибелі, әлем чемпионымен кездестім. Физикалық тұрғыда басым болғаныммен, тактикалық жағынан әлі де жұмыс істеу қажет», — деді дзюдошы.



Күн шежіресі