Қазақстан дзюдодан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды

Қазақстан дзюдодан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аруна Джангельдина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 78 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Финалда Джангельдина Камерун балуаны Георгику Мунесті жеңді.

Айта кетейік, Аруна Джангельдина осы ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.