Луис Суарес қосымша уақыттың 6-минутында «Спортингке» жеңіс сыйлады (видео)
Португалия чемпионатының 20-туры аясында «Спортинг» өз алаңында «Насьоналға» қарсы өткен матчта 96-минутта жеңісті жұлып алды.
Ойынның есепшоты тек 72-минутта ашылды — Педру Гонсалвеш көзге түсті. Алайда қонақтар Алан Нуньестің голының арқасында таразы басын теңестірді. Жеңіс добын қосымша уақыттың 6-минутында Луис Суарес соқты.