Ломтадзенің есімі Англия футбол лигасында жарияланды
Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» британдық клубы акциясының бақылау пакетін сатып алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Клубтың ресми ресурстарының мәліметінше Англия футбол лигасының (EFL) мақұлдауынан соң Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков және Дэн Райс клубтың директорлар кеңесіне кірді.
Сонымен қатар, хабарламада Ломтадзенің Blue Ocean Partners II Limited компаниясы бұдан әрі клуб 90 пайыз акциясының иесі екенін айтылған.
«Уиком» Англияның бірінші лигасында (үшінші дивизион) ойнайды. Аталиыш клубтың ең жоғары нәтижесі - Англия кубогының жартылай финалы, 2000-01 маусым.