logo

Юрий Ковтун – «Ақтөбе» бас бапкерінің жаңа көмекшісі

Юрий Ковтун – «Ақтөбе» бас бапкерінің жаңа көмекшісі

«Ақтөбе» бас бапкер Дмитрий Парфеновтың көмекшісі қызметіне 54 жастағы ресейлік маман Юрий Ковтун тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ковтун «Спартакпен» бірге үш дүркін Ресей чемпионы. Ойыншы ретінде ол мәскеулік «Динамо», «Арсенал» Тула, «Алания», «Ростсельмаш» және «СКА Ростов» командаларында ойнаған.

54 жастағы маман бас бапкердің көмекшісі ретінде «Волга НН», «Тосно», «Динамо» Мәскеу, «Урал», «Арсенал» Тула және «Родина» клубтарында жұмыс істеп үлгерді.