Кеңесов «Ақтөбемен» келісімшартты ұзартты
«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының 23-жасар жартылай қорғаушысы Арман Кеңесовпен келісімшартты ұзарту туралы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы ақтөбелік клуб ресми хабарлады.
Кеңесов 2022 жылғы маусымның басында «Ақтөбеге» ауысып, содан бері «ақ-қызылдар» сапында барлық турнирлерде 52 матч өткізіп, 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Арман «Ақтөбе» ойыншысы ретінде Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасады.
Сонымен қатар өткен маусымда Қазақстан чемпионатындағы «Ақтөбенің» үздік сұрмергені атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram