«Краснодардың» түлегі «Жетісу» құрамын толықтырады
30 жастағы ресейлік шабуылшы Руслан Болов талдықорғандық «Жетісуға» ауысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Руслан Болов соңғы екі маусымда «Оқжетпес» сапында өнер көрсетті. Көкшетаулық команда сапында шабуылшы 61 матч өткізіп, 40 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.
Шабуылшы 2022 жылғы маусымда Бірінші Лиганың үздік ойыншысы атанды. Соңғы 6 айда ол волгоградтық «Ротор» клубында өнер көрсетті.
Болов ресейлік «Краснодар» клубының түлегі.