«Жетісу» соңғы минуттарда жеңілістен аман қалды (видео)
Талдықорғанда «Жеңіс» екі рет есепте алда болып, алайда алаң иелерімен тең түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Қонақтар құрамында Владислав Прокопенко мен Ираклий Бидзинашвили нәтижелі соққылармен көзге түссе, алаң иелерінің сапында Да Сильва Чарльстон мен Максим Чиканчи гол соқты.
Бір қызығы Чиканчи гол соққан сәтте нәтижелі пасты «Жетісу» қақпашысы Арсен Сиукаев жасады.