logo

Көшбасшылардың Король кубогы үшін шайқасы. «Барселона» - «Атлетико» матчының тікелей эфирі

Көшбасшылардың Король кубогы үшін шайқасы. «Барселона» - «Атлетико» матчының тікелей эфирі

25-нен 26-сына қараған түні Барселонада Ла Лига турнир кестесінің бірінші және үшінші командалары арасындағы Король кубогының алғашқы жартылай финалдық матчы өтеді.  

Флик баптайтын «Барселона» керемет формаға еніп, 2024 жылдың 22 желтоқсанынан бері жеңіліс көрмеді. Айтпақшы, «көк-гранаттықтардың» соңғы жеңілісі олардың бүгінгі қарсыласы «Атлетикодан» болған еді.  

Осы аралықта «Барса» 11 рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең ойнады. Сонымен қатар, олар Кубоктың жартылай финалына шықты, Суперкубокты жеңіп алды, Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына өтті және Ла Лиганың көшін бастады.  

Соңғы бес матчта Войцех Щесны өз қақпасына тек бір ғана гол жіберді.  

«Атлетико» да 8 матч бойы жеңіліссіз сериясын жалғастырып, Ла Лиганың үшінші сатысында тұр. Сонымен бірге, олар Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында «Реалға» қарсы ойнауға және «Барселонамен» жартылай финалда кездесуге дайындалуда.  

Биылғы маусымда бұл командалар тек бір рет кездесіп, сол ойында «Атлетико» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол матчта Симеоне 2021 жылдан бері «Барселонаға» қарсы келе жатқан сәтсіз сериясын үзді.  

Флик пен Симеоненің жаңа кездесуі 26 ақпанда Астана уақытымен 01:30–да өтеді. Матчты тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.