Көшбасшы сериясын ұзарта ала ма? «Аланьяспор» — «Галатасарай» матчының тікелей эфирі

«Галатасарай» маусымды тамаша бастады және Түркия чемпионаты үшін бірқатар ерекше серияларға ие:
- Ұпай жоғалтпаған жалғыз команда.
- Ең көп гол соққан команда.
- Күтілетін голдар саны бойынша көшбасшы.
- Орта есеппен допқа иелік ету бойынша үздік команда.
- Қақпаға дәл бағытталған соққылар саны бойынша үздік команда.
Бұл серияларды тоқтатуға «Аланьяспор» футболшылары бекем бел буып отыр.
Олар да маусымды сәтті бастап, турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан.
«Аланьяспор» — «Галатасарай» матчы сағат 22:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.