logo

Елордада көркем гимнастикадан «ALEM CUP» халықаралық турнирі өтеді

Елордада көркем гимнастикадан «ALEM CUP» халықаралық турнирі өтеді

Елорда төріндегі «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде 22-25 наурыз аралығында көркем гимнастикадан «ALEM CUP» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталмыш додаға 2008 ж.т. және одан үлкен, 2009-2010 ж. т. және одан кіші санаттағы спортшылар қатысады. Сондай-ақ қатысушылар топтық жаттығуларда да бақтарын сынайды. 

Жарыс Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) көркем гимнастика бойынша 2022-2024 жж. қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Айта кетейік, бұл жарыс әлемдік Федерация лицензиясы бар гимнасттар келетін көркем гимнастика бойынша лицензияланған турнир болмақ.