«Ақтөбе» Түркияға кезекті жиынға аттанбақшы
«Ақтөбе» чемпионаттағы матчтарға үзіліс кезінде Түркияда оқу жаттығу жиындарына аттанады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Серый Кардинал» телеграм-арнасы берген ақпарат бойынша, Дмитрий Парфенов баптаған команда 23 наурызға дейін Түркияда оқу-жаттығу жиынын жалғастырады. Одан кейін команда 31 наурыз күні өтетін «Жеңіске» қарсы ойынға дайындалу үшін елге оралады.