АҚШ-та ФИФА-2025 клубтық әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Футболдан клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңіне арналған жеребе аяқталды. Командалар сегіз топқа бөлінді, әр топта төрт клубтан болады, деп хабарлайды Sport+.
A тобы: «Палмейрас» (Бразилия), «Порту» (Португалия), «Аль-Ахли» (Египет), «Интер Майами» (АҚШ);
B тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Атлетико» (Испания), «Ботафого» (Бразилия), «Сиэтл Саундерс» (АҚШ);
C тобы: «Бавария» (Германия), «Бенфика» (Португалия), «Бока Хуниорс» (Аргентина), «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия);
D тобы: «Фламенго» (Бразилия), «Челси» (Англия), «Леон» (Мексика), «Эсперанс» (Тунис);
E тобы: «Ривер Плейт» (Аргентина), «Монтеррей» (Мексика), «Интер» (Италия), «Урава Ред Даймондс» (Жапония);
F тобы: «Флуминенсе» (Бразилия), «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Ульсан» (Оңтүстік Корея), «Мамелоди Сандаунз» (ОАР);
G тобы: «Манчестер Сити» (Англия), «Ювентус» (Италия), «Видад» (Марокко), «Аль-Айн» (БАӘ);
H тобы: «Реал» Мадрид (Испания), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы), «Пачука» (Мексика).
Естеріңізге сала кетейік, клубтық әлем чемпионаты 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өтеді. Бұл турнир АҚШ-та өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының дайындығы ретінде ұйымдастырылады.