Кәсіби тайбоксер және кикбоксер Артем Левин: Жалғастың басты қасиеттері — мақсат қоя білу пен жоғары еңбекқорлық

American Top Team командасындағы жаттықтырушы, ресейлік кәсіби тайбоксер әрі кикбоксер Артем Левин Sport+ телеарнасына эксклюзивті сұхбатында OKTAGON лигасының чемпионы, қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы Бено Адамияны бағалап, шәкіртінің күшті жақтары туралы айтты.
«Бено Адамия — көбінесе тұрғанда (стойкада) жекпе-жек жүргізуді ұнататын, контратакаға бағдарланған, жарылғыш панчер. Оның жылдамдығы жақсы. Жалғасқа өз стилін ұстанып, қарсыласын басып озу маңызды. Қадам артқа — тек қарқын алу үшін ғана. Функционал жағынан Жалғас өте жақсы тыныс алады. Бұл — чемпиондық жекпе-жек, бес раундқа жоспарланған, шәкіртім толық қашықтыққа дайын. Ол стильді араластыра алады — тұрғанда күресіп, қажет болса күреске түседі.
Жалғастың басты қасиеті — мақсаткерлік пен еңбекқорлық. Жекпе-жек жоспары іске асса да, аспаса да, ол ешқашан берілмейді. Ол тәжірибелі және пысық спортшы, сондықтан оны жеңіл алдау немесе қателету қиын. Қайта үйрету қиын, себебі көптеген дағдылар ерте жастан қалыптасады. Дегенмен, біз оған кейбір айла-амалдар мен финттерді қосу үшін жұмыс жасадық», — деді Левин.
OKTAGON 73 турнирі бүгін сағат 21:00-де басталады. Жұмағұловтың жекпе-жегі 23:30-дан кейін өтеді.
Турнирдің толық тікелей эфирі sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады, ал Жұмағұлов пен Адамия арасындағы жекпе-жекті сайтпен бірге Sport+ телеарнасынан да көруге болады.