logo

Жұмағұлов OKTAGON лигасының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Гамбургтегі турнирдің тікелей трансляциясы

Жұмағұлов OKTAGON лигасының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Гамбургтегі турнирдің тікелей трансляциясы

2024 жылғы 28 маусымда Гамбург қаласында OKTAGON лигасының үлкен стадиондық турнирі өтеді.

Аталған турнир аясында қазақстандық жауынгер Жалғас Жұмағұлов жеңіл салмақтағы лига чемпиондығы үшін жекпе-жек өткізеді.

Жұмағұловтың қарсыласы — Грузия өкілі Бено Адамия салмақ межесінен 1 келі артық шыққандықтан, бұл жекпе-жек тек қазақстандық спортшы үшін титулдық болып саналады.

Жұмағұлов OKTAGON лигасының тұңғыш қазақстандық чемпионы атануы мүмкін.

Турнир Астана уақытымен сағат 21:00–де басталады. Жұмағұловтың жекпе-жегі 23:30–дан кейін өтеді.

Турнирдің тікелей трансляциясы sportplustv.kz сайтында қолжетімді. Ал Жұмағұлов — Адамия жекпе-жегін сайтпен қатар Sport+ телеарнасынан да көруге болады.



Күн шежіресі