logo

NAIZA турнирі басты жекпе-жексіз қалды

NAIZA турнирі басты жекпе-жексіз қалды

28 маусым күні Семей қаласында өтетін NAIZA турнирі басты жекпе-жексіз қалды, деп хабарлайды Sport+.

Жеңіл салмақтағы лига белдігіне үміткер Тамерлан Саралапов таңертеңгі салмақ өлшеу рәсімінде 600 грамм артық көрсетіп, салмақ нормативін орындай алмады. Осыған байланысты Тимур Серікұлы қарсыласының салмақ мәселесі шешілмейінше жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Нәтижесінде турнирдің басты жекпе-жегі ретінде Мухаммад Хейбати мен Санжар Тажиевтің айқасы белгіленді.

Турнирдің тікелей көрсетілімі Sport+ телеарнасында ұсынылады.



Күн шежіресі