logo

«Бейбарыстың» бюджеті қандай?

«Бейбарыстың» бюджеті қандай?

Атыраудың «Бейбарыс» хоккей клубына облыс қазынасынан бөлінетін қаражат көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Головой об лед» хоккей бағдарламасының журналистері «Бейбарыс» басшылығына бюджет жайында сұрақ жолдаған.  

"Бүгінгі күні бюджет көлемі 1,3 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде "Бейбарыс" және жастар лигасындағы "Жас Батыр" клубы, мәнерлеп сырғанау федерациясы мен Атыраудағы балалар хоккей клубтары кіреді (барлығы 5 команда)", - делінген хабарламада. 

"Бейбарыс" Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта команданың еншісінде 42 ұпай бар. 43 ойын өткізген аталмыш ұжым 8 орында тұрғанымен плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндігі зор.



Күн шежіресі