logo

Кабирхан Көшпенділер ойынында өнер көрсетуі мүмкін

Кабирхан Көшпенділер ойынында өнер көрсетуі мүмкін

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қандай танымал сәйгүліктер келетінін айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр. Оның ішінде 24-і ертең келеді. Сол 24 аттың барлығының да атақтары бар, бүгінгі күнге дейін жеңістерге жеткен. Әлем чемпионатында жеңген Нұрғасқа сәйгүлігі бар, онымен Құрманбек Тұрғанбек атты үкілеген үмітіміз өнер көрсетеді. Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты талай бәйгеде топ жарған аттар келуі ықтимал. Тіпті Дубайдағы бәйгеде жеңіске жеткен Кабирханды білесіздер, Кабирхан келеді деп жоспарланған», - деді Қ.Мәулен «Қазанат» ипподромында өткен баспасөз мәслихатында.

Бірақ спикердің айтуынша, әлі де ауа райы мен транспортқа байланысты өзгерістер болуы мүмкін.



Күн шежіресі