Словакиялық журналист: Мүмкін «Тобыл» мен «Ружомберок» арасындағы алғашқы ойын нәтижесі әділетсіз болған шығар
Словакиялық Sport Daily Slovakia басылымының журналисі Моджмир Стаско Sport Plus Qazaqstan тілшісімен сұхбаттасып, «Тобыл» мен «Ружомберок» арасындағы жауапты ойынына қатысты ойларымен бөлісті.
— Қостанай қаласы мен стадионы туралы не ойлайсыз?
— Қала өте әдемі екен. Стадионға келетін болсақ, интернеттегі суреттерге қарағанда шынайы өмірде әдемірек болып шықты. Мен бұл классикалық ескі кеңестік стадион болады деп ойладым. Жүгіру жолағы бар стадиондарды ұнатпаймын, бірақ бұл стадион өте сүйкімді әрі әдемі.
Ертеңгі матчқа келетін болсақ, «Ружомберок» үш голдық артықшылыққа ие, бұл көп. Ал «Тобыл» үшін жақсы нәтиже болмауы мүмкін, тіпті әділетсіз болуы мүмкін, бірақ егер сізге стандартты жағдайлардан төрт гол соғатын болса, не айтуға болады. Дегенмен, бұл өте қиын матч болады және кімнің келесі кезеңге өтетіндігі туралы түпкілікті шешім әлі жоқ деп ойлаймын. «Тобыл» барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, шабуылға шығуға тырысады деп ойлаймын. Бірақ «Ружомберок» ойыншыларымен сөйлескенде, олар не істеу керектігін және не істемеу керектігін біледі.
— Шынымды айтсам, Словакияда «Ружомберок» осындай есеппен жеңіске жетеді деп күткен бе едіңіздер? Жалпы сіздің клуб жеңіске жетеді деп ойладыңыздар ма?
— Біз бірнеше жыл бұрын «Жилина» «Тобылды» 5:0 есебімен жеңеді деп күткен жоқпыз. Сол сияқты, «Тобыл» тағы да бес гол жіберіп алады деп ойлаған жоқпыз. Бұл Еуропа, еурокубоктар, қателік жасасаңыз қиын болады.
— Сіздің ойыңызша «Тобылдың» стандартты жағдайлардан төрт гол жіберіп алуы, бұл қостанайлықтардың қателігі ме әлде кездейсоқтық па?
— Мен бұл жағдайды 50/50 деп айтқым келмейді. Менің ойымша 70% «Ружомбероктың» жаттығуларының нәтижесі, олар стандартты жағдайларды өте қарқынды жаттықтырады, ал 30% бұл «Тобылдың» концентрациясының жоғалуы немесе басқа бір нәрсе болуы мүмкін.
— Неге «Ружомберок» құрамында Чехиядан келген үш футболшыдан басқа легионерлер жоқ?
— Бұл клубтың философиясы, жас ойыншыларыңыз болса, олар негізінен словак ойыншылары болады, өйткені шетелден келген жас ойыншыны әлі танымайды. Легионер алғанда, ол тәжірибелі ойыншы болуы керек. Менің ойымша, бұл философия және прагматизм.
Ескеріңізге сала кетейік, «Тобыл» қарымта ойында 18 шілде күні сағат 20:00-де Қостанайда словакиялық «Ружомберокты» қабылдайды. Бірінші ойынның есебі - 5:2 қонақтардың пайдасына аяқталған. Ойынның тікелей эфирін Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сонымен қатар sportplustv.kz сайтында тамашалауға болады.