logo

Иван Миладинович: Қостанайға футбол мерекесін сыйлауға тырысамыз

Иван Миладинович: Қостанайға футбол мерекесін сыйлауға тырысамыз

«Тобыл» қорғаушысы  Иван Миладинович УЕФА Еуропа Лигасындағы «Ружомберокқа» қарсы жауапты ойын алдында баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

— Ертең бізді қиын ойын күтіп тұрғанын білеміз және бәріне дайынбыз. Ертең шынайы бет-бейнемізді көрсетіп, Қостанай жанкүйерлеріне мереке сыйлауға тырысамыз. Келесі кезеңге өтеміз деп үміттенемін.

— Қазір команданың көңіл-күйі қандай және жалпы жеңіске, «камбэкке» сенесіздер ме?

— Біз тек жеңіске сеніп қана қоймай, келесі кезеңге өтеміз деп үміттенеміз. Команда ішінде тамаша атмосфера бар, ертеңгі ойынға дайындалып жатырмыз. Қостанайға келесі кезеңді сыйлағымыз келеді.

— Интернеттегі сындар командаға әсер етеді ме?

— Біз интернетте жазылған сөздерге мүлдем мән бермейміз. Меніңше, бізге оны қараудың қажеті жоқ. Бізде қателерімізді талдап, түзететін бапкер мен оның көмекшілері бар. Менің ойымша, бұл бізге әсер етпеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл»  Қостанайда қарымта ойында 18 шілде күні сағат 20:00–де словакиялық «Ружомберокты» қабылдайды. Бірінші ойынның есебі — 5:2 қонақтардың пайдасына аяқталған. Ойынның тікелей эфирін Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сонымен қатар sportplustv.kz сайтында тамашалауға болады.



Күн шежіресі