Юрий Титоренко Пумамен кездесу өткізеді
Қазақстандық ММА шебері Юрий Титоренко (3-1) Alash Pride турнирінде Дуглас Пума де Оливейрамен (13-10) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Титоренко өзінің барлық жекпе-жектерін NAIZA лигасында өткізген, ал 22 желтоқсанда Шымкентте Alash Pride лигасындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл жекпе-жек бразилиялық Пума үшін де ұйымдағы дебюттік кездесу болмақ. Бұған дейін ол NAIZA, Ural FC және бірқатар бразилиялық лигаларда өнер көрсеткен.