logo

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің ширек финалында

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің ширек финалында

Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 121-орында тұрған 19 жастағы германиялық Элла Зайдельді сынап көрді.

Юлия бірінші партияда 5:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Зайдель есепті қысқартқанымен, Путинцева дегеніне жетті – 6:4.

Екінші сетте де осындай есеп тіркелді – 6:4.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Зайдель 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткина немесе рейтингіде 42-орындағы чехиялық Катержина Синякованың қай жеңгенімен таласады.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 26-сатыға көтеріліп тұр.



Күн шежіресі