Бейбіт Жұқаев Almaty Open 2024 турнирінің екінші кезеңіне шықты
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев (ATP рейтингінде 213-орын) ATP Almaty Open 2024 турнирінде жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық спортшының бірінші айналымдағы қарсыласы ливандық Бенджамин Хассан (ATP 245) болды.
Матч Жұқаевтың екі сетте 6:4, 6:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Келесі кезеңде Бейбіттің қарсыласы Тимофей Скатов (Қазақстан) және Томаш Махач (Чехия) жұбының жеңімпазы болмақ.