logo

Шевченко Кукушкиннен реванш алды

Шевченко Кукушкиннен реванш алды

Almaty Оpen жарысының бірінші айналымында жеребе бойынша екі қазақстандық теннисші Александр Шевченко мен Михаил Кукушкин кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч Шевченконың екі сеттегі жеңісімен аяқталды – есеп 7:6, 7:6.

Осылайша, Шевченко қыркүйек айында Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен турнирінде жеңілгені үшін Кукушкиннен реванш алды.

Келесі айналымда Шевченко ресейлік Аслан Карацевпен кездеседі.



Күн шежіресі