logo

Зарина Диас әлемдік рейтингте жоғарылады

Зарина Диас әлемдік рейтингте жоғарылады

Зарина Диас жеке сындағы жаңартылған WTA рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Дияс екі саты жоғарылап, енді 488-орынға жайғасты.

Соңғы рет Зарина Бейжіңдегі (Қытай) турнирде қыркүйектің соңында кортқа шыққан еді. Бұл жарыста ол іріктеу сынның екі айналымынан сәтті өтіп, негізгі жарыста алғашқы кездесуде сүрінді. 16 қазан күні Қазақстан теннисшісі жүлде қоры 40 000 долларды құрайтын Кайсеридегі  (Түркия) ITF турниріндегі жарыс жолын бастайды.

Оның алғашқы қарсыласы румын теннисшісі Патричия Мария Циг атанбақ, қазіргі уақытта ол WTA рейтингінде 256-орында.