Юлия Путинцева Брисбендегі жарыста сүрінді

Қазақстанның екінші, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстандық теннисшінің үшінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолы түйісті. Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Путинцева брейкпен алға шықты. Бірақ сетке доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Тай-брейкте Соболенко сәтті ойнады — 7:6 (7:2). Екінші сетте Соболенко есесін жібермеді — 6:4. Бір сағат 49 минутқа созылған тартысты матчта Путинцева 1 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Соболенко 6 эйс, 2 брейпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Арина Соболенко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 44-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен таласады.