Новак Джокович: Екеуі бірнеше ірі табысқа жетеді деп үміттенемін

Әлемнің экс 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы Новак Джокович өзінің бұрынғы бапкері Горан Иванишевичтің Елена Рыбакинаны жаттықтыруына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
«Горан менімен бірге жұмыс істеген кезде біз Рыбакинаның өнерін ынта қойып қарайтынбыз. Сондықтан екеуінің бірге болатынына қуаныштымын. Горан оның ойынына оң әсерін тигізіп, табысқа жетелейді деп үміттенемін. Осыған дейін-ақ Елена „Үлкен дулыға“ турнирін ұтып алды, мұның қандай екенін біледі. Оның бұдан да биік табысқа жеткісі келетіні анық. Мен оның маусымды бірнеше жеңіспен бастағанын көрдім. Сондықтан мен оған барлық жақсыны тілеймін. Жуырда мен Горанмен хабар алыстым. Меніңше, WTA аясында жұмыс істеп көрген жоқ. Мен оның көңіл-күйін сұрадым. Бапкер ерлер теннисіне қарағанда, айырмашылық бар екенін мойындады. Бірақ Еленаға көмек көрсетуге аса ықыласты. Мен екеуі бірнеше ірі табысқа жетеді деп үміттенемін», — деді Джокович Брисбендегі баспасөз мәслихатында.