Григорий Ломакин Үндістандағы жарыста жеңілді

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин (893 АТР) Индордағы (Үндістан) ITF М25 турнирінің алғашқы айналымында жеңілді, деп хабарлайды Sport+
Ломакин жергілікті ойыншы Дхахинешвар Сурешпен кездесіп, екі сетте — 3:6, 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді.
Бұған дейін Ломакин мен Егор Агафонов Үндістандағы жарыстың бірінші нөмірлі қатысушылары бола тұра, жұптық сынның алғашқы айналымынан аса алмады.