logo

Қазақстанның қарсыласы анықталатын матчты қайдан көруге болады?

Қазақстанның қарсыласы анықталатын матчты қайдан көруге болады?

2 қаңтар күні Польша мен Ұлыбритания командалары United Cup турнирінің ширек финалы аясында кездеседі, деп хабарлайды Sport+

Ерлер арасында әлемнің 16 ракеткасы Хуберт Гуркач және АТР рейтингінде 15 орындағы Джек Дрейпер күш байқасады. Әйелдер арасында әлемнің екінші ракеткасы Ига Свентек Кэти Бултермен кездеседі.

Соңғы ойын аралас жұпта өтеді. Польша - Ұлыбритания матчының жеңімпазы жартылай финалда Қазақстан командасымен кездеседі.

Ойын басталуы 11:30да. Тікелей эфирде Sport+Qazaqstan телеарнасынан және Sportplustv.kz тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі