Ислам Махачев чемпиондық белбеуін қорғады

UFC 311 турнирінің басты жекпе-жектің бірінде ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы (70 келіге дейін), ресейлік жауынгер Ислам Махачев рейтингтің 10-шы нөмірі бразилиялық Ренато Мойканомен кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Махачев қарсыласына тұншықтыру әдісін қолданып, бірінші раундта жеңіске жетті. Осылайша Ислам жеңіл салмақтағы UFC белбеуін кезекті рет қорғады.