logo

Айдар Махметов Махачев — Мойкано жекпе-жегі туралы: Алғашқы екі раунд бәсекелі болады, содан кейін Махачев басым болады

Айдар Махметов Махачев — Мойкано жекпе-жегі туралы: Алғашқы екі раунд бәсекелі болады, содан кейін Махачев басым болады

Қазақстандық ММА-сарапшы Айдар Махметов Sport+ Qazaqstan үшін Ислам Махачев пен Ренато Мойкано арасындағы UFC титулдық жекпе-жегіне арнайы болжам жасады.

 «Арман Царукян жарақат алып, Махачевке қарсы титулдық жекпе-жектен ұшып кетті. Басты жекпе-жексіз қандай шоу болуы мүмкін? UFC басшылығы Махачев — Мойкано жекпе-жегін ұйымдастырып, тағы да әлемдегі ең мықты ұйымы екенін дәлелдеді. Мойканоның жауынгерлік қасиеттеріне келетін болсақ, ол — муай-тай, БЖЖ-да күшті дайындығы бар мақты, жан-жақты файтер. Қос спорт түрі бойынша Мойканода қара белбеулер бар. Ол төрт жеңістен тұратын жеңіс сериясында келе жатыр. 35 жасына қарамастан, Ренато жақсы бабында. Егер жауынгерлерді салыстырсақ, онда соққы жасау жағынан олар бір деңгейде, күресте — әрине, Исламның басымдығы бар. Махачевқа бразилиялықты партерге құлатып, оны сол жерде жеңу қиын шаруа емес. Мойкано қандай да бір тұншықтыру әдісін жасай ала ма? Бұл мүмкін емес, өйткені Ислам — тәжірибесі мол спортшы және ол ондай қателік жіберуі екіталай. Менің ойымша, алғашқы екі раунд бәсекеге қабілетті болады, содан кейін Махачев қарсыласын партерге ауыстырып, оны жекпе-жектің екінші жартысында жеңеді», — деді Махметов.