Саламат Исбулаев Қытайдағы турнирде нокаутпен жеңіске жетті
«Alash Pride» лигасының чемпионы Саламат Хасбулаев Қытайдағы JCK лигасының турнирінде бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Исбулаев моңғол Туула Намнанбаярды аяғымен соққы жасап, нокаутқа жіберді.
Сондай-ақ, аталмыш турнирде Көшен Ақанов Қытайдан келген «Қазақ Халкынан» мықты болып, жеңіске жетті.