Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Португалиямен тең ойнады

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Португалиямен тең ойнады

Грекияның Салоники қаласында 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Sport+.

Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің фавориттерінің бірі саналатын Португалия құрамасымен тең ойнап, сенсациялық нәтиже көрсетті — 1:1.

Қазақстан құрамасының жалғыз голын Алдияр Нұрғали соқты.

Алда қазақстандық жас футболшыларды Грекия және Сербия құрамаларына қарсы кездесулер күтіп тұр.



Күн шежіресі