«Шахтер» алматылық «Қайраттың» түлегін қатарына қосты

«Шахтер» алматылық «Қайраттың» түлегін қатарына қосты

Қазақстандық жартылай қорғаушы Андрей Ульшин «Шахтермен» 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ қарағандылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Андрей Ульшин — «Қайрат» футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабында «Қайрат», «Қызылжар» және «Жеңіс» клубтарында өнер көрсетіп, Қазақстан Премьер-лигасында айтарлықтай тәжірибе жинақтады.

Футболшы «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған.

Ульшин «Шахтёр» қатарына елордалық «Жеңіс» клубынан ауысты. 2026 жылғы маусымда ол астаналық команда құрамында төрт матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.



Күн шежіресі