logo

Иржи Ярошик «Шахтер» клубындағы қызметінен уақытша шеттетілді

Иржи Ярошик «Шахтер» клубындағы қызметінен уақытша шеттетілді

Чехиялық бапкер Иржи Ярошик Қарағандының «Шахтер» футбол клубындағы бас бапкер қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Sport+.

Лондондық «Челси» және мәскеулік ЦСКА клубтарында ойнаған бұрынғы футболшы 2024 жылдың соңында «Шахтер» командасын тізгінін ұстаған еді. Оның алдында тұрған басты мақсат — команданы Премьер-лигаға қайтару болатын. Алайда Бірінші лиганың сегіз турынан кейін «Шахтер» 17 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Команданың басты бәсекелестері — «Ертіс» пен «Каспий» — көш бастап тұр.

Соңғы ойында «кеншілер» сырт алаңда «Алтайға» 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Келесі турға команданы қазақстандық бапкер Андрей Финонченко дайындауда. Алдағы уақытта Ярошик пен оның бапкерлер штабы клубтан кетуі мүмкін.



Күн шежіресі