logo

Қазақстан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орын алды

Қазақстан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орын алды

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама командалық көпсайыста үшінші орынға көтерілді.

Жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан.

Бірінші орынды Жапония иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін ересектер құрамасы да Азия чемпионатында үшінші орынды еншілеген болатын.
 



Күн шежіресі