logo

Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Беларуське есе жіберді

Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Беларуське есе жіберді

Борисов қаласында Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасында жолдастық матч өтті, деп хабарлайды Sport+. 

Аталмыш кездесу Беларусь құрамасының 4:1 есебімен сенімді жеңісі.

Беларусь құрамасының гол авторлары Валерий Громыко, Валерий Бочеров, Трофим Мельниченко және Евгений Шикавка. Қазақстан құрамасы бір ғана голмен жауап берді, алайда бұл есепті өзгертуге жеткіліксіз болды. Голдың авторы Ғалымжан Кенжебек. 

Матч «Борисов-Арена» стадионында өтті және ресми рейтингке енбейтін жолдастық кездесу болды.

Бұл жеңіліс Қазақстан құрамасы үшін алдағы ресми ойындар алдында ескерту болып табылады. 9 маусымда Қазақстан 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Солтүстік Македонияға қарсы маңызды матчқа дайындалуда.



Күн шежіресі