logo

Анна Данилина мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирдің финалында ойнайды

Анна Данилина мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирдің финалында ойнайды

Анна Данилина мен Сербиядан келген Александра Крунич Франция ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

French Open турнирінің жартылай финалында қазақстан-серб дуэті Норвегиядан келген Ульрикке Эйкери мен Жапониядан келген Эри Ходзумиді 6:7(5:7), 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Франция ашық чемпионатының финалында Анна мен Александра Диана Шнайдер / Мирра Андреева және Сара Эррани / Жасмин Паолини жұптарының арасындағы жеңімпаздармен ойнайды.

Айта кету керек, бұл Анна Данилина үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші финал. 2022 жылы ол Австралия ашық чемпионатының жұптық сайысының финалында ойнаса, 2023 жылы АҚШ ашық чемпионатында аралас жұптық сында чемпион атанды.

Финалға дейін Данилина мен Крунич бірнеше мықты қарсыласты жеңді. Бірінші айналымда олар Польшадан Магда Линетт пен АҚШ-тан Бернарда Пераны 6:7, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, ерік-жігер танытты. Кейін Қытай-Тайвань жұбы Синью Янь / У Фансяньді 6:4, 6:3 есебімен, одан кейін АҚШ пен Нидерландыдан келген Эйжа Мұхаммед пен Деми Схюрсті 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Ширек финалда олар «Ролан Гаррос» турнирінің бірінші нөмірлі жұбы — Чехиядан Катержина Синякова мен АҚШ-тан Тейлор Таунсендті 7:5, 4:6, 6:2 есебімен ұтты.



Күн шежіресі