logo

Игорь Шацкий: Белді буып жұмысты жалғастыру керек

Игорь Шацкий: Белді буып жұмысты жалғастыру керек

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Словенияға қарсы матч (0:1) туралы Қазақстан футбол федерациясына берген сұхбатында пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Менің ойымша, бұл тең ойын болды. Мүмкін, словениялықтар сәл көбірек шабуылдаған шығар, бірақ біз де жақсы, лайықты ойын көрсеттік деп санаймын. Әлемдік жұлдыздары бар мұндай қарсыластарға қарсы ойнау қиын екені түсінікті. Словениялықтарға да оңай болған жоқ деп ойлаймын, олар жеңіске жеткендеріне қуанышты. Есеп біздің пайдамызға да болар еді. Біз жаңа деңгейге көтерілдік, жаңа жолдың басында қиындықтар бар, бірақ тістеніп, белді буып жұмыс істеу керек. Үлкен командаларға қарсы үлкен ойындарға үйренуіміз керек».



Күн шежіресі