Станислав Черчесов: Алға қадам жасай береміз
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турында Словенияға қарсы өткен матч (0:1) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
— Кеше мен бізде не қалайтынымыз жайлы түсінік бар екенін айттым. Бүгін ойын мен мазмұн жағынан тағы бір қадам жасадық. Егер Норвегиямен алғашқы ойынды бүгінгі матчпен салыстырсақ, мүлдем басқа футбол болды. Алға қадам жасаймыз.
— Бірінші таймды өте жақсы ойнадық, екінші таймда 0:1 есебімен артта қалған кезде Шушеначев, Самородов, Оразов секілді шабуылшыларды шығармай, қорғаныстық бағыттағы ойыншылар шықты.
— Маған алаңда ойыншылар керек, тек фамилиялар емес. Мен Самородов пен Оразовтың Австриядағы ойынын көрдім.
— Неге Ұлттар лигасында гол соғу мүмкін болмай жатыр?
— Гол соғу бізге де керек болды, бүгін біз мүмкіндіктер жасадық, бірақ бір сәтте доп қақпаға тимей, бағанаға тиді. Біздің қарсыластарымыз мықты – Австрия Еуропа чемпионатында жарқырады, словениялықтар жақсы ойнады, норвегиялықтар да осал емес. Мұндай құрамаларға гол соғу үшін сапалы командалық ойын мен жеке шеберлік қажет. Біз командалық ойынды жетілдіргіміз келеді, жақсы нәтижелерге жету үшін.
— Ойында Ислам Чесноков жиі байқалды. Оған доп жеткізілмеді және ол өткір сәттер жасай алмады деген пікір бар?
— Қазақстан Премьер-лигасында ол өзін еркін сезінеді, онда қарсыласу аз, ал бұл жерде – басқа қарсылас. Ойыншыларға ойын интеллектісін дамыту керек.
— Біз прогрессті көріп отырмыз. Құраманы жаңа деңгейге шығару үшін қанша уақыт қажет?
— Жұмыс әлі жалғасып жатыр. Прогресс болса, біз дұрыс жолдамыз деген сөз. Әр позицияға кем дегенде екі ойыншы керек. Әлем чемпионаты-2026 іріктеуінде бізде кім болатынын әлі білмейміз. Қарсыластар мықты болады, оларды қалай жеңу керектігін ойланамыз. Сіздер біздің алға қадам жасап жатқанымызды көріп отырсыздар. Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет.
— Көпшілігі прогресс жайлы айтады, бірақ оны көрмейді. Команда жоғары прессингті қолданбайды, соққы аз, үй матчтарында агрессивті ойнауға болады.
— Сіз қандай футбол көргеніңізді білмеймін. Мен сізден тек кешірім сұрай аламын.