logo

Алексей Попов: Черчесовты жұмыстан шығармайды, оған мүмкіндік беріледі

Алексей Попов: Черчесовты жұмыстан шығармайды, оған мүмкіндік беріледі

«Рубин» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Алексей Попов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қатарынан үш жеңіліске қарамастан, жұмыстан босатылмайтынын және оған жағдайды түзетуге мүмкіндік берілетінін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Черчесовты жұмыстан шығармайды, оған жағдайды түзеуге мүмкіндік беріледі. Негізгі мәселе психологиялық деңгейде жатыр. Егер Черчесов футболшылардың менталитетін реттемесе, жеңілістер жалғаса береді. Менің ойымша, Черчесовқа бұрынғы бас бапкер Магомед Әдиевтің командамен бірге жақсы кезеңді өткізгені де қысым жасайды. Станислав Саламович бұл мәселе емес деп айтуы мүмкін, бірақ бұл оған әсер ететіні анық», – деді Попов.



Күн шежіресі