Жан-Али Пайруз – Қазақстан құрамасының дебютанты
25 жастар Жан-Али Пайруз Қазақстан мен Словения арасындағы матчтың екінші таймында алаңға шығып, ұлттық құрама жейдесінде алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жан-Али қарағандылық футбол мектебінің түлегі, алайда соңғы жылдары «Мақтаарал» және «Елімай» командаларында ойнаған.
Пайруз әртүрлі кезеңдерде Қазақстанның 17, 19 және 21 жасқа дейінгі құрамаларында өнер көрсеткен.