logo

Магомед Адиев: Черчесов осы қиын ойындар арқылы Қазақстанды дайындап жатыр

Магомед Адиев: Черчесов осы қиын ойындар арқылы Қазақстанды дайындап жатыр

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев ұлттық команданың қазіргі бапкері Станислав Черчесовтың жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қазақстан құрамасы үшін уайымдаймын және жанкүйер боламын. Бұл мен үшін жақын әрі қымбат ел мен команда. Біз федерация президентімен сөйлестік, менің ойым бұрынғыша: Ұлттар лигасы арқылы команданы әлем чемпионатының іріктеуіне дайындау керек. Қазіргі нәтижелер ешкімді қуантып отырған жоқ, бірақ бұл қайта құру процесі үшін қалыпты жағдай.

Іріктеуге дайындалу керек, ал Ұлттар лигасы оған мүмкіндік береді. Черчесов өте білікті бапкер. Егер мен құрамамен қалған болсам, дәл осындай дайындық жүрер еді.

Әлем чемпионатының іріктеуіне дейін уақыт бар, және келесі жылы ойыншылар, құраманың көшбасшылары қандай формада болатыны белгісіз. Черчесов осы өте қиын ойындар арқылы Қазақстанды дайындап жатыр», – деді Адиев.



Күн шежіресі