Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына өтті
Аустралияда өтіп жатқан United cup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабардайды Sport+.
Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойнамай қалды да, оның орнына рейтингіде 254-орындағы Даниэль Мазур шықты.
Мазур бірінші партияда Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.
Дегенмен осыдан кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді — 6:2, 6:2.
Осылайша, есеп 2:0 болып, Қазақстан құрамасы өткен жылғы чемпионнан айласын асырып, алғаш рет жартылай финалға шықты.