logo

Григорий Бабаян: Бұл бүкіл Қазақстанның жеңісі

Григорий Бабаян: Бұл бүкіл Қазақстанның жеңісі

«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алғаннан кейін сезімдерімен бөлісті.

«Біз соңына дейін жеңіске сендік, көп талдау жасадық, бірінші матчты егжей-тегжейлі сараладық. Мен футболшыларға үлкен рахмет айтуым керек, біз бір апта бойы дайындағанның 70% пайызын жүзеге асыра алдық. Қазір эмоциялар басым, не айтарымды білмей тұрмын. Жанкүйерлерге керемет қолдау үшін рақмет! Біз өзіміздің стадионымызда ойнамасақ та, керемет қолдауға және атмосфераға ие болдық. Бұл бүкіл Қазақстанның жеңісі», — деді Бабаян.

Айта кетейік, «Астана» Норвегияда өткен бірінші ойында «Бранн» командасынан 2:0 есебімен жеңілгеннен кейін, қарымта кездесуде жауапсыз үш гол соғып, ерлік жасады. Алматының Орталық стадионында өткен кездесуде голдарды шабуылшылар Джеффри Чинеду (дубль) мен Рамазан Кәрімов соқты.  



Күн шежіресі