2005 жылдың қазан айында «Алькояно» Испания кубогында «Мальорканы» өз алаңындағы «Эль-Кольяо» стадионында 4:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Ол кезде «Мальорка» Испанияның жоғарғы дивизионы — Примерада өнер көрсетсе, алаң иелері үшінші дивизионда ойнаған еді.

Араға 21 жыл салып, қос команда сол стадионда қайта кездеседі. Бұл жолы қонақтар төртінші дивизионда да тұрақсыз өнер көрсетіп жүрген қарсыласынан басым екенін дәлелдеуге тырысады.

Матч 18 қарашадан 19 қарашаға қараған түні Астана уақытымен сағат 00:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.